- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана Операда» «Абай» операсының қорытынды дайындығы өтті
«Астана Операда» «Абай» операсының қорытынды дайындығы өтті
Операны ұлы композиторлар А. Жұбанов пен Л. Хамиди қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің либреттосына жазған. Тұсауы 1944 жылы кесіліп, сыншылармен қазақ музыкасының жауһары атанған.
Сюжет қазақтың ақыны, ағартушысы, философы Абайдың өмірі және жалындаған махаббаты мен бақталастары сусынға у қосып беру салдарынан қайғылы жағдайға душар болатын, оның шәкірті Айдар жайлы баяндайды.
Қоюшы режиссер Джанкарло дель Монако – атақты опера әншісі Марио дель Монаконың ұлы – кеңесші режиссер – ҚР Еңбек сіңірген әртісі, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, «Парасат» орденінің кавалері, профессор Есмұхан Обаевпен бірге операны замануи нұсқада қоятын болып шешті.
Франка ұлттық киімдердің барлық ұсақ-түйегімен жіті танысып, қазақ мәдениетіне шомып, аяқ киімдердің, бас киімдердің және әшекейлердің (олардың саны 203) оюларына ерекше мән берді.
Франка Скуарчапиноның ассистенті Ирэн Монти көрнекті суретшінің қолтаңбасын әрбір костюмнен байқауға болатынын айтады, неге десеңіз, әрбір мата, ою мен әшекей асқан ерекшелікпен іріктелді.
Ашық түстер тек салтанатты көріністерде пайдаланылады, ал қалған көріністердегі киімдердің реңі көзге ұрмайтын және сол дәуірге сай келеді.
Айта кетейік, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсы, тыңдарман назарына 25 және 26 қыркүйекте ұсынылады. Көрерменді сахнаның барынша ашық кеңістігі, 3D қолданылған бейнеинсталляция, тамаша костюмдер мен декорациялар күтіп тұр.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
АҚДМ қорытындысы: Азаматтық қоғам, ҮЕҰ-нің жұмысы, жастар мен қандастар мәселесі -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті