- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы «Әзірет Сұлтан» мешітіне барды
Елбасы «Әзірет Сұлтан» мешітіне барды
Бұл күні адамдар өкпе-реніштерін кешіріп, бір-біріне жақын бола түседі. Сондықтан мереке біріктіруші рөл атқарады. Біздің халқымыз Тәуелсіздік алғаннан кейін ислам дінімен қайта қауышты. Соның арқасында даму бағытындағы жолымызды жалғастыра отырып, бірлігіміз бен татулығымызды нығайттық, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ қазіргі замандағы қақтығыстардың негізгі себептеріне де тоқталды.
«Бұлар – ең бірінші жер аумағына байланысты даулар. Біз осындай дау тумауы үшін көрші елдермен уағдаластық арқылы шекарамызды бекіттік. Екінші – этносаралық қақтығыстар. Өз ұлтын өзгеден жоғары санау – үлкен күнә. Біз Қазақстанда көпұлтты халықтың бірлігін қамтамасыз еттік. Этникалық тегіне қарамастан, әркімді де құрметтей отырып, елдегі тұрақтылықты нығайттық. Үшінші – бүгінде бүкіл әлемде болып жатқан дінаралық қақтығыстар. Еліміздің мұсылмандары өз дінін ұстана отырып, өзгелерді құрметтейді. Соның негізінде біз халықтың бірлігі мен достығын қамтамасыз еттік. Сондықтан халқымызды өз дінінде мейірімділік пен қайырымдылық жолын таңдауға және өскелең ұрпақты осы бағытта тәрбиелеуге шақырамын», – деді Мемлекет басшысы.
Соңында Қазақстан Президенті баршаны тағы да мерекемен құттықтап, әр шаңыраққа бақ-береке тіледі.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді -
«Н.Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетелдегі Елбасы пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты -
«Елбасы бастамалары халықтың игілігіне қызмет етіп келеді»: сарапшылар пікірі -
«Nur Otan» партиясы мен «Birgemiz» қоры отбасыларға тағы 50 000 теңгеден береді -
Тель-Авивте Астана күніне және Елбасының 80 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті -
Елорда күніне және Елбасының туған күніне орай жеделхаттар келіп түсуде -
Елбасы Қазақстан халқына үндеу жолдады -
Әлеуметтік желіде отандық әншілер Елбасыға денсаулық тілеп, жақсы көретінін жеткізді -
Азат Перуашев елбасына денсаулық тіледі -
Ел президенті Тоқаев елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі