- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында 250 орындық емхана ашылды (ФОТО)
Алматы облысында 250 орындық емхана ашылды (ФОТО)
Жаңа нысанды аралаған өңір басшысы денсаулық сақтау нысанының қолданысқа берілуімен жиналғандарды құттықтай келе, бұл емханада сапалы медициналық көмек көрсетуге барлық жағдайдың жасалғандығын атап өтті.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айқындап берген Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасын іске асыруда негізгі басымдылық – ол тұрғындарға алғашқы медициналық - санитарлық көмек көрсетуді жақсарту. Бұл жоспар еліміздің медицина саласын одан әрі дамытуға оң әсер етпекші. «Ұлт денсаулығы – біздің жарқын болашағымыздың негізі», - деп атап көрсеткен болатын.
Елімізде денсаулық сақтау саласының дамуына көп көңіл бөлінуде.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында денсаулық сақтау ісін реформалау, халыққа медициналық көмек көрсетуді жақсарту жөніндегі іс-шаралар тиімді жүзеге асып келеді, - деп атап өтті А.Баталов.
Емхананың құрылыс жұмыстары 2014 жылдың сәуір айында басталған болатын. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 1,5 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінген. Емхана 3 қабаттан тұрады. Ғимараттың жалпы көлемі 3,6 мың шаршы метр. Емхана күніне 250 адамды қабылдай алады. Онда терапия, хиругия, неврология, жұқпалы ауруларды оқшаулау кабинеттері, балаларды қабылдау бөлмесімен әйелдерге кеңес беру, зертхана, рентгендік зерттеу және ультрадыбыстық зерттеу бөлмелері бар. Емхананың медицина қызметкерлерінің айтуынша, табысты жұмыс істеу үшін, барлық жағдайлар қарастырылған.
Балпық би кентінің тұрғындары жаңа емхананың ашылуына байланысты өздерінің ыстық лебіздері мен ризашылықтарын білдіруде.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр