- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада дәстүрлі V «Жүрек жылуы» фестивалі өтті (ФОТО)
Қызылордада дәстүрлі V «Жүрек жылуы» фестивалі өтті (ФОТО)
Екі күнге созылған фестивальге облыс аудандары мен Қызылорда қаласынан 130-ға жуық өнерлі балалар қатысып, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін ортаға салды.
Алдымен аудандар мен қаладағы көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы мектеп-интернаты, облыстық балаларды оңалту орталығы, балаларға арналған психоневрологиялық интернат үйінің және есту қабілеті нашар балалардың арнайы мектеп-интернаты тәрбиеленушілерінің қолынан шыққан қолөнер мен сурет көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.
Айта кетейік, «Жүрек жылуы» өнер фестивалі биыл Қызылордада осымен бесінші мәрте өткізіліп отыр. Фестивальдің негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың өнерге деген ынта-ықыласын арттыру, өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру, оларды қоғамдық жұмыстарға тарту, белсене араласуға шақыру және өзге балалар секілді барлығына тең құқылы екендіктерін білдіру болып табылды.
Өмірді өзінше танып, ішкі жан дүниесімен сезіне білген мүмкіндігі шектеулі жандар өнер әлеміне деген құлшыныстарын тамаша әнмен, мың бұралған бимен, өлеңді мәнерлеп оқумен жеткізіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Шара соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен мараппатталды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті