- Басты
- Жаңалықтар
- Есепті мемлекет бағыттарының бірі ақпаратқа қолжетімділік болып есептеледі – сарапшы
Есепті мемлекет бағыттарының бірі ақпаратқа қолжетімділік болып есептеледі – сарапшы
«Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы ұйымдастырған Сарапшылар клубының VI кеңесінің алаңында қатысушылар Қазақстандағы қоғамдық бақылау институнының даму идеясын ұсынды.
Құқықтық саясатты зерттеу орталығы директорының міндетін атқарушы, ақпаратқа қол жеткізу заңының әзірлеуі жұмыс тобының қатысушы Татьяна Зинович:
- Қазір шынымен де пікірталас жүріп жатыр. Есепті мемлекет қандай болуы керек, ол қандай деңгейде қызмет атқару керек деген сұрақтар туындайды. Жалпы, есепті мемлекет салыққа байланысты ел алдында есеп беру керектігін қарастырады. Есепті мемлекет бірнеше бағытты қарастырады: ақпаратқа қолжетімділік, қоғамдық бақылау.
Сорос-Қазақстан қорының жанындағы «Жергілікті бюджет» бастамасының үйлестірушісі Асқар Күшкінбаев:
- Менің ойымша, есепті мемлекет деген, мәселен мемлекеттің немесе жергілікті ауылдық округтың бюджеті халыққа ашық болуы тиіс. Қазақстанда азаматтық бюджет деген түсінік бар. Қазір мемлекеттік орган мен атқарушы орган сайттарында азаматтық бюджеттер жарияланып тұрады. Кез келген адам ол ақпаратпен танысып, қаржының қайда жұмсалып жатқанын біле алады.
«Астана Консалтинг орталығы» ҚҚ директоры, ақпаратқа қол жеткізу заңының әзірлеуіне қатысты жұмыс тобының қатысушы Әлия Дұғанова:
- Мен үшін есепті мемлекет – кез келген деңгейдегі отырыстарды ашық түрде өткізу. Сондай-ақ, ашықтық кезіндегі олқылықтар үшін жауапкершілікті сезіну. Оны заңнамада көрсетілген жауапкершілік қарастыру керек.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады