- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында химиялық және кен өндіретін кешен салу жоспарлануда
Жамбыл облысында химиялық және кен өндіретін кешен салу жоспарлануда
« «Көкжон» кен орнының «Аралтөбе» учаскесінің бүр бүйірі бүлк етіп, жарылыс болды. Жарылыс болғанда дүниенің астаң-кестеңі шыққан жоқ, шаң-тозаң да көкке көтерілмеді. «Еурохимдіктер» экологиялық талапқа сай, табиғаттың тепе-теңдігін қатаң сақтау қағидасын басшылыққа алғандығын алғашқы жарылысқа қатысқан сарысулықтар бірден көз жеткізді», - деп хабарламада нақтыланған.
Сонымен «ЕуроХим» компаниясының Қаратау фосфорит кен орнын игеруі басталды. Фосфорит концентратын өндіруге арналған кен-байыту кешенін және минералды тыңайтқыштардың алуан түрін өндіретін зауыт салу кешенді жобаның бір бөлігі болып табылады. Бұл жобаның жүзеге асуымен Қазақстан Республикасындағы минералды тыңайтқыштар тапшылығы мәселесі шешіліп, елімізде өндірілетін ауылшаруашылығы дәнді дақылдарының сапасы жақсарып, өнімділігі артатын болады.
Салтанатты шарадан кейін облыс әкімі мен Мәскеу және Алматы қалаларынан келген «еурохимдіктер» республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Сарысулық ардагерлер атынан белгілі дәрігер, ауданның Құрметті азаматы Тұрар Мысықбаев облыс әкімі Қанат Бозымбаевқа өңірге осындай аса ірі компанияны тартып, ауқымды жобаны қолға алғаны үшін алғысын айтып, батасын берді. Өндіріс орнында аудан тұрғындары еңбек ететін болады. Алдағы уақытта аудан жастарын тау-кен мамандықтарына оқыту жоспарлануда.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы