- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова Санкт-Петербургте тұратын отандастарымызбен кездесті
ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова Санкт-Петербургте тұратын отандастарымызбен кездесті
Мемлекеттік хатшы бастаған Қазақстан делегациясы Еуразиялық әйелдер форумына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына келді. Делегация құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен Ұлттық банк басшылары, Ұлттық комиссия мүшелері бар.
Форумға әлемнің 77 елінен 700-ден астам делегат қатысады. Осындай салиқалы форум ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық ассамблея кеңесінің шешімімен ұйымдастырылып отыр.
Форумның жалпы отырысында Мемлекеттік хатшы «Қазақстан Республикасының әлеуметтік және гендерлік саясаты: нақты қадамдар мен перспективалар» тақырыбында баяндама жасайды деп жоспарланған.
Бүгін Мемлекеттік хатшы Санкт-Петербургте тұратын отандастарымызбен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы кездесуге қатысушыларға Қазақстанды әлемдегі барынша дамыған 30 елдің қатарына қосу жөніндегі басты мақсатқа жету үшін Қазақстан Президенті ұсынған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының, Бес институционалдық реформаның және Ұлт жоспары – «100 нақты қадамның» маңыздылығына назар аударды.
Сол күні Қазақстан делегациясының басшысы Г.Әбдіқалықова ТМД-ға мүше елдердің Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің төрайымы В.Матвиенконың шақыруымен Мария театрында болды, оның сахнасында Ресей опера және балет жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит