- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Парламенті Мәжілісі екінші оқылымда тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістерті мақұлдады
ҚР Парламенті Мәжілісі екінші оқылымда тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістерті мақұлдады
23 Қыркүйек, 2015 18:37
ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасы Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде жүктеген тапсырмаларын, сондай-ақ ҚР мәдени саясатының тұжырымдамасын іске асыруға бағытталады. Бұл ретте Қазақстан ратификациялаған материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенция негізінде материалдық емес мәдени мұраны қорғауға және БҰҰ қызметіне Қазақстанның қатысуына бағытталған нормалар қамтылады.
Құжатқа сәйкес, мәдени қоғамдастықты тарту және мәдениет саласындағы басқарушылық мәселелерді үйлестіру мақсатында ҚР Президенті жанынан Әдебиет және өнер жөніндегі ұлттық кеңес құру көзделген.
Бұдан басқа, мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру үшін уәкілетті орган жанынан салалық көркемдік кеңестер құру қарастырылады.
Индира Кауметова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Мұқағали Мақатаевтың тағлымды мұрасы қаншалықты бағаланып жүр -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері