- Басты
- Жаңалықтар
- 2020 жылға дейін Семей, Қостанай мен Өскемен қалаларындағы әуежайлардың ҰҚЖ қайта қалпына келтіріледі
2020 жылға дейін Семей, Қостанай мен Өскемен қалаларындағы әуежайлардың ҰҚЖ қайта қалпына келтіріледі
«Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінде әуежайлардың инфрақұрылымы маңызды болып табылады. Еліміз бойынша республикалық маңыздағы 18 әуежай бар, бүгінде олардың 13-і қайта қалпына келтірілген. 2014 жылы Орал қаласындағы әуежайдың ұшып қону жолағына жөндеу жұмыстары жүргізу басталды, аталмыш жоба жақын арада аяқталады деп күтілуде. Дәл осындай жұмыстар Петропавл қаласының әуежайында ағымдағы жылы басталды, ол келер жылы аяқталатын болады. Бізде енді Семей, Қостанай мен Өскемен қалаларының әуежайлары қалды. Оларды 2020 жылға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді Б. Сейдахметов.
Комитет төрағасы атап өткендей, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру жолында сапаржай кешендерін қалпына келтіру жұмыстары қажет етіледі.
«18 кешеннің 9-ы қайта қалпына келтірілді және жаңасы салынды. Ағымдағы жылы Тараз қаласындағы әуежайда жаңа жолаушылар терминалының құрылысы аяқталады. Сонымен қатар Қызылорда қаласындағы жаңа жолаушылар терминалының құрылысын қаржыландыру жоспарлануда», - деді ол.
Айта өтейік, жалпы, жыл сайын қазақстандық авиакомпаниялардың жолаушылар тасымалы артып келеді, соңғы жылдары өсім 10-15% құрады.
Анар Тәңірқұлова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады