ҚР БҒМ: Мемлекет бизнестің ғылыми қызметке қатысуын ынталандырады

23 Қыркүйек, 2015 15:37
Бизнес пен ғылым барынша бір-бірімен байланыс орнатпай отыр. Бұл мәселені шешу үшін коммерцияландыру мен ғылыми-техникалық үрдіске қатысушыларды ынталандыру болып табылады, деді Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Мәжілісте «Ғылыми және ғылыми техникалық қызметтің коммерцияландырылуының қорытындысы туралы» заң жобасының таныстырылымында.

«Тиімді  нәтижелерге ие болу үшін ғылыми-техникалақ және ғылыми саланың коммерцияландырылуын дамыту қажет. Бизнес пен ғылым барынша  бір-бірімен байланыс орнатпай отыр», - деді министр.

Оның айтуынша, заң жобасы ғылыми-техникалақ және ғылыми саланың коммерцияландыру  бойынша ынталандыру  шараларын анықтады.

«Коммерцияландыру жобаларын бюджет есебінен қаржыландыру қарастырылған. Заңнама  бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық жұмыстардың авторларына қолдау көрсетіледі», - деді А.Сәрінжіпов.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар