- Басты
- Жаңалықтар
- ӘҚК Әскери институтының 100-ден астам түлегін Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің бөлімдеріне қызмет етуге жібереді (ФОТО)
ӘҚК Әскери институтының 100-ден астам түлегін Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің бөлімдеріне қызмет етуге жібереді (ФОТО)
Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты 108 курсантты түлетіп шығаруға дайындады.
Олардың ішінде ҰҚШҰ елдерінің 15 өкілі бар. Бітіру қарсаңынла бозбалалар сегіз мамандық: маңдайшептік, армиялық, әскери-көліктік, шабуылдау-тактикалық авиация, авиацияны жауынгерлік басқару, ұшу аппараттары мен қозғалтқыштардың тактикалық пайдаланылуы, радиоэлектрондық, авиациялық жабдық пен қару-жарақ бойынша мемлекеттік емтиханды сәтті тапсырды.
Әскери қызметке деген әзірліктерін растады. ӘҚК ӘИ тап күзде жас офицерлерді түлетіп шығаратын Қазақстандағы бірден-бір әскери институт екенін атап өтейік. Жоғары оқу орнында айтқандай, бітіру алдында сәуір мен қыркүйек аралығында курсанттар қорытынды әскери тағылымдама мен ұшу практикасынан өтеді. Осылайша, қазіргі түлектердің барлық курс бойынша жалпы ұшып өтуі Ан-26-да – 209 сағат, Л-39-да – 388 сағат, Ми-8-де – 349 сағатты құрады.
«Жауынгерлік басқару офицерлері» мамандықтарының курсанттары 20-дан аса өзіндік оқу-жаттықтыру келтірулерді және әуе кемелерін басып алуды орындады. Ал инженерлік-техникалық құрам ӘӘК бөлімдерінің ұшуларын қамтамасыз етуге белсене қатыса отырып, әртүрлі типтегі ұшақтарда 100 сағаттық регламенттік жұмыстарды орындады. Бүгінгі таңда Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты Орта Азиядағы ұшу және инженерлік-техникалық құрамдардың авиациялық мамандарын даярлауды жүзеге асыратын бірден-бір жоғары оқу орны болып табылады. Жоғары оқу орны Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің бөлімдерінде қызмет етіп жүрген 1 700-ден астам офицерді түлетіп шығарды.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер