• Басты
  • Қостанай облысында мемлекеттік қолдау аясында құрылыс пеноблоктарының өндірісі іске қосылды
23 Қыркүйек, 2015 19:43

Қостанай облысында мемлекеттік қолдау аясында құрылыс пеноблоктарының өндірісі іске қосылды

Қостанай облысы Федоров ауданының жаңадан бастаған кәсіпкері «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылыс пеноблоктарының өндірісін іске қосты, деп хабарлады «Атамекен» ҚР ҰКП.

Қостанай облысында мемлекеттік қолдау аясында құрылыс пеноблоктарының өндірісі іске қосылды | Strategy2050.kz

Ербол Байдәулетов несиеге алған қаржысына пеноилеуші мен 100-ге жуық қалып үлгілерін сатып алған. Айналымға салған қаржысы да бірінші тауар партиясын жасау үшін шикізат алуға жұмсалды.

Кәсіпкердің айтуынша, тапсырысты күтіп отыратын уақыт болмаған, ол бірден ауылдасына 200 пеноблок құйып берген. Тапсырыс берушінің көңілі пеноблоктың сапасына және бағасына толып отыр, қалада бір пеноблок 400 теңге тұрса, ол одан 200 теңгеге арзан.

«Бүгінде біз өзімізді таныта білуіміз керек. Бұл тауар түрін сатып алу үшін қалаға немесе  мемлекеттен тыс аймаққа бару міндетті емес. Барлығы жақында және өзіміздікі қанша дегенмен сенімді. Жақын арада тағы жаңа қалып түрлеріне тапсырыс беруді ойлап отырмын. Сонда біз 200 блок құятын боламыз», - деді Е. Байдәулетов.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды