- Басты
- Жаңалықтар
- Жария ету мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды
Жария ету мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды
«Заң жобасы шеңберінде рақымшылық аясындағы жария ету субъектілері үшін бірқатар кепілдіктер көзделеді. Атап айтқанда, құқық қорғау, басқа мемлекеттік органдары, банктер мен өзге ұйымдар қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінен қосымша қорғалу бөлігінде қылмыстық жауаптылыққа дейін қылмыстық заңнама нормаларын нақтылау және қатаңдату қарастырылады. Екіншіден, қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде жария ету барысында алынған ақпаратты пайдалануға жол берілмейді. Үшіншіден, мүлікке жария етуді өткізу процесінде мемлекеттік кірістер органдарына салық төлеуші туралы алған мәліметтерді және ақпараттарды ұсынуға тыйым салынады. Бұдан бөлек, банктік заңнамаға жария етілген ақша туралы ақпаратты тек Бас прокурорының немесе оның орынбасарларының санкциясымен ғана құқық қорғау органдарына беру нормасы енгізіліп отыр. Сосын жария етілген мүлікті тәркілеуге тыйым салынатын нормалар да бар», - деп мәлімдеді Б.Сұлтанов.
Қаржы министрінің айтуынша, ақшаны жария ету бойынша 3 опция ұсынылады.
«Біріншіден, банк шоттарына олардың сақталуы бойынша міндеттемесіз, алымдарды төлемей, шектеусіз өзінің қарауы бойынша иелік етуіне қарай аударуға мүмкіндіктер көзделеді. Екіншіден, банк шотына 10 пайыз мөлшерінде алымды төлемей-ақ аудару қарастырылады. Үшіншіден, «Астана» халықаралық қаржы орталығына жария етілген ақшаны инвестициялау мүмкіндігі де беріліп отыр, одан да алымдар алынбайды», - деді Қаржы министрі.
Бұдан басқа, заң жобасында қамтылған шараларды іске асыру үшін жария ету мерзімін 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту (жалпыға ортақ декларациялаудың және «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істеуінің басталуымен байланыстырлады) қарастырылуда.
Индира Кауметова
-
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары