• Басты
  • Жаңалықтар
  • Халықаралық банктер жекешелендіру нысандарының нарықтық бағасын белгілейді – сарапшы

Халықаралық банктер жекешелендіру нысандарының нарықтық бағасын белгілейді – сарапшы

24 Қыркүйек, 2015 12:07
Халықаралық инвестициялық банктер мен компаниялар жекешелендіру нысандарының нарықтық бағасын белгілейді, деді «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры Нұрлан Күлбатыров.

«Осы жылдардағы жекешелендіру тәжірибесін ескере отырып, ҰР Үкіметі үрдістің барынша тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етпек. Халықаралық тәуелсіз консультанттар тартылатын болады, олар жекешелендірудің тиімділігі мен сапасы  бойынша ұсыныстар беретін болады», - деді ол.

Оның айтуынша, жекешелендіру компаниясының баланстық құны өте жоғары болуы мүмкін, алайда оның нарықтық құны бүгінде әлдеқайда төмен болуы да ықтимал.

«Осы орайда халықаралық инвестициялық банктер мен компаниялар жекешелендіру нысандарының әділ түрдегі нарықтық нақты бағасын белгілеуге шақырылды», - деді Н.Күлбатыров.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар