- Басты
- Жаңалықтар
- Кореялық бизнесмендер ОҚО-да күн электр станциясын ашады
Кореялық бизнесмендер ОҚО-да күн электр станциясын ашады
Айта өтейік, электр энергиясын өндіру үшін күн батареялары орнатылады. Оларды ОҚО-ға «Main Energia Inc» оңтүстіккореялық фирма әкелмекші. Сағатына 100 МВт-тан астам электр энергиясы өндіріледі, бұл аймақ қажеттілігінің 70 пайызын қанағаттандырады. Төрт кезеңнен тұратын жобаның бірінші кезеңінде инвестор - «MJM Investment Со» компаниясы 50 млн долл. астам қаражат салуға дайын.
«Егер барлығы ойдағыдай болса жыл соңына дейін жобаны жүзеге асыра бастаймыз. Ал, электр станцияның өзін 2016 жылы іске қосамыз. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев 2020 жылға қарай Қазақстандағы электр энергиясының 30%-дан кем емес бөлігі жаңартылған энергия көздері болуы тиіс деген еді. Біз осы бағыттағы жобамыз тиімді болады деген үміттеміз», - деді «MJM Investment Со» компаниясының директоры Ли Кун Со.
Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында компания жер телімін жалға алады және инвестиция тартып, электр станция салады.
Оңтүстіккореялық компания өкілдерімен кездесу барысында аталып өткендей, мұндай зауыттарды салу экономикалық тұрғыда өте тиімді – газ, мазут, көмір жағылмайды, осылайша атмосфераға да зиян келтірілмейді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы