• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сочиде ҰҚШҰ мүше-мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі Үйлестіру кеңесінің сегізінші отырысы өтті

Сочиде ҰҚШҰ мүше-мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі Үйлестіру кеңесінің сегізінші отырысы өтті

23 Қыркүйек, 2015 15:03
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымына мүше-мемлекеттердің Үйлестіру кеңесінің сегізінші отырысы өтті, деп хабарлады ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Үйлестіру кеңесінің төрағасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божко Оқу-жаттығулар жоспарын іске асыру және ҰҚШҰ мүше-мемлекеттердің уәкілетті органдарының ТЖ алдын алу және жою саласындағы әрекеттесуін жаттықтыру бойынша өзге де бірлескен шараларын іске асыру туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ, ҰҚШҰ Хатшылығының өкілдері, Ресей, Армения ТЖМ, Қазақстан ІІМ ТЖ комитетінің өкілдері баяндама жасады.

Гуманитарлық әсер етудің ресейлік-армяндық орталығын құру, құқық қорғау, өртке қарсы, апаттық-құтқару органдарының және арнайы қызметтердің кадрларын даярлау, ҰҚШҰ мүше-мемлекеттерінің құтқару бөлімшелерін даярлау жөніндегі «Тасты қала- Астана» базалық полигонының оқу әлеуетін пайдалану мәселелері қарастырылды.

ҰҚШҰ мүше-мемлекеттердің ТЖ жөніндегі Үйлестіру кеңесінде төрағалық етудің аяқталуына байланысты сәйкес өкілеттіктер ресми түрде Армения Республикасына берілді.

Кеңестің отырысы нәтижелі құжаттарға қол қоюмен аяқталды.

Барлық жаңалықтар