- Басты
- Жаңалықтар
- Шығыс Қазақстанда құтқарушылардың «Тайга -2015» жиын-семинары аяқталды
Шығыс Қазақстанда құтқарушылардың «Тайга -2015» жиын-семинары аяқталды
Оқу-жаттығудың аңызы бойынша бір азаматтан саңырауқұлақ теріп жүрген кезде жолдасының жоғалғандығы туралы хабар келіп түсті. Өздігімен іздестіру жұмыстары нәтиже берген жоқ. Сонымен қатар аңызға семинарда пысықталған барлық мәселелер енгізілді.
Дабыл келіп түскеннен кейін құтқарушылар табиғи ортаның күрделі учаскелерімен өту арқылы таулы-орман жерлерінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірісті. Координаталар бойынша іздеп, кейін дұрыс бағытты тауып, зардап шегушіні іздеуді және қажеттілігіне қарай оған алғашқы көмек көрсетуді, сонымен қатар оны апаттар медицинасы дәрігерлері күтіп тұрған жерге тасымалдауды ұйымдастыру қажет болды.
Оқу-жаттығудың нәтижесі – зардап шегуші табылды, көмек дер кезінде келді! Барлық құтқарушылар жақсы нәтиже көрсетті, іс-қимылдары нақты, үйлесімді пысықталды және сынақ өтелді.
Құтқарушылардың көбі өздерінің біліктіліктерін арттырды, жаңадан келгендер оқудан өтті және таулы-орман жерлерінде іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысатын болады.
«Тайга-2015» құтқарушылар жиын-семинары өз жұмысын аяқтады. Алға қойған мақсаттарға қол жетті. Барлық қатысушылар тұрақты орналасқан жерлеріне оралды және жаңа білімдерімен жұмысқа кірісуге әзір.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды