Білім беру саласына жаңа пішіндер енгізу қажет – А. Сәрінжіпов

29 Қазан, 2013 11:29
Білім және Ғылыми министрлігі 2015 жылдан бастап білім беру мекемелеріне жаңа стандарттарды енгізу жоспарланып отыр, деп Білім және Ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді.

«Орта білім беруді қолдауды жаңашаландыруды Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі арқылы жүзеге асырамыз.Кезең-кезеңмен енгізу ұсынылып отыр, 2015 жылдан бастап 1-ші сыныпқа жаңа пішін енгізу жоспарланып отыр, қазір осы орайда жұмыс жүргізілуде», - деді министр.

БҒМ айтуынша, 2015 жылдан бастап жаңа пішіндер жобасы енгізіледі, оған қоса 12 сыныптық дайындау жобасы ЖОО –ның базасында жүзеге асатын болады.

«Бүгін біз ЖОО-лардың ескірген жоспар бойынша жұмыс істеп жатқандығын білеміз. Жоғары білім БҒМ қадағалауында болады», - деді А. Сәрінжіпов.

Білім және Ғылым министрі атап өткендей, жаңа ұйымдастыру-құқықтық пішіннің жеке түрі қажет. Жеке бағдарлама бойынша оқу мекемелерін қаржыландыру, дамыту сынды жұмыстар жүзеге асырылады.

А. Сәрінжіпов атап айтқандай, қолданылатын шаралар Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

 

Барлық жаңалықтар