- Басты
- Жаңалықтар
- Женевада Бала құқықтары туралы Конвенцияны Қазақстанның іске асыруы туралы баяндама таныстырылды
Женевада Бала құқықтары туралы Конвенцияны Қазақстанның іске асыруы туралы баяндама таныстырылды
Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев бастап барды. Делегация құрамына министрліктердің, Жоғарғы Сот пен Бас прокуратураның, сондай-ақ отандық құқық қорғау институттарының лауазымды тұлғалары кірді.
Е.Иманғалиев БҰҰ Комитетінің мүшелері алдында біздің еліміздегі бала құқықтарына қатысты жүргізіліп жатқан саясат туралы, сондай-ақ соңғы төрт жылда Үкіметтің заңнамалық жаңашылдықтары мен тәжірибелік іс-қимылдарына қатысты баяндама жасады. Сессияның күн тәртібіне сәйкес қазақстандық делегация мүшелері Комитет сарапшыларын Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салаларындағы негізгі өзгерістер туралы ақпаратпен таныстырды, сондай-ақ бірқатар сұрақтарға жауап берді.
Атап айтқанда, Қазақстандағы ювеналды әділет саласының дамуы, ювеналдық соттар қызметі, кәмелетке толмағандарға қатысты істерді қарау мерзімдерінің сақталуы туралы, қылмыстық және азаматтық процеске тартылған кәмелетке толмағандардың пікірін ескеруге қатысты сұрақтарға жауап берілді.
Бұған қоса, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір тағдыр» атты халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауында балаларды қорғау мәселесінің ұлттық саясаттың негізгі басымдығы ретінде жариялағандығы айтылды. Сонымен қатар, 2014 жылы Қазақстанның экономикасы қарқынды дамыған елдердің алғашқы ондығына кіргендігі, бұл өз кезегінде, мемлекеттің балаларды қорғауға бөлетін шығынын арттыруға, балалардың мүддесіне қатысты жаңа ұлттық бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік береді.
Елімізде Комитеттің бұрынғы ұсынымдарын іске асыру жөніндегі кешенді іс-қимыл жоспары орындалуда. Осы жылдар ішінде Қазақстан Республикасы бірқатар халықаралық құжаттарды, соның ішінде балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері, еңбек етуші ерлер мен әйелдерге, отбасылық міндеттері бар еңбеккерлерге тең қарым-қатынас және тең мүмкіндіктер жасау, мүгедектердің құқықтары туралы бірқатар конвенцияларды ратификациялады.
Өз сараптауларында Бала құқықтары жөніндегі Комитет мүшелері Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау мәселесінде айтарлықтай ілгерілеушілікке ие екендігін атап өтті. Мәселен, отырыста төрағалық еткен Ресейден келген тәуелсіз сарапшы Ольга Хазова қазақстандық тараптың Комитеттің ұсынымдары мен ескертпелерін орындауға зор жауапкершілікпен қарағандығын мәлімдеді. Қазақстан балалар өлімін 70%-дан жоғары деңгейге төмендетіп, №4 Мыңжылдық даму мақсатына мерзімінен бұрын жетті.
Комитет мүшелері баяндаманы қорғаудың бастапқы қорытындысы ретінде Қазақстанның қазіргі жетістіктері Қазақстанның алдына қойған міндеттерді іске асырды, сондай-ақ бала құқықтарын қорғау саласындағы өзінің халықаралық міндеттемелерін орындады деп айтуға толық негіз бар екендігін атап өтті.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай