- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 50 спорт алаңы ашылады
Алматыда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 50 спорт алаңы ашылады
Қала басшысы кәсіпкерлердің жұмыс орындарын ашып, салық төлеумен қатар жоғары әлеуметтік жауапкершілік танытып отырғандығын атап өтті.
«Алматы еліміздің ЖІӨ-нің 20%-ын құрайды және Қазақстан кірісінің 30%-ын береді, сондықтан қалада бизнес-қоғамдастықтың жұмысын жандандыра түскен жөн. Қаланың басты міндеті - іскер экономикалық ахуалды қалыптастыру, бизнестің нәтижелі әрі белсенді жұмыс істеуі үшін барлық қажетті мүмкіндікті жаса. Біз барлығына ашықпыз, артықшылық принципі жоқ, қалалықтардың жақсы жағдайы үшін жұмыс жасайтындардың барлығын қолдаймыз», - деді Бауыржан Байбек.
Өз кезегінде «Астана Банкі» директорлар кеңесінің төрағасы Олжас Тохтаров айтып өткендей, Меморандумға қол қою арқасында қала тұрғындары мен қонақтарына таяу арада кроссфит форматындағы 50 жаңа спорт залдары, сонымен қатар "Стрит Воркаут" спорт алаңы іске қосылады. Бұлардан өзге жас кәсіпкерлер үшін коворкинг орталығы ашылып, фин технологиясы бойынша үйқұрылысы комбинаты пайдалануға беріледі.
Меморандумға сәйкес «АвтоГаз Трэйд» ЖШС Түрксіб ауданында көпфункционалды спорт кешенін және қаланың ішкі аулаларында 15 балалардың ойын алаңын салады.
Қаланың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында газбен қамту станцияларының желісі дамытады. Биылғы жылдың аяғына дейін газбен жабдықтайтын 20-дан астам станцияға газ қондырғылары орнатылады және станциялар саны 20-дан 35 пайызға, ал келер жылы 50 пайызға жетеді. Әкім бұл жобаның маңызыл үлкен екенін, көлікті бензиннен сұйық газға көшіру қаланың экологиялық ахуалын жақсартумен қатар автокөлік иесінің қаржысын да үнемдейтінін атап өтті.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары