• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сұлтанов: Жекешелендіру қорытындысында республикалық меншіктегі ұйымдар 59 пайызға қысқарады

Б.Сұлтанов: Жекешелендіру қорытындысында республикалық меншіктегі ұйымдар 59 пайызға қысқарады

22 Қыркүйек, 2015 20:21
Жекешелендіру қорытындысында республикалық меншіктегі ұйымдар 59 пайызға қысқарады,деді ОКҚ-дағы брифингте Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

«Осы жылдың 1-ші қарашасынан жекешелендіруді бастау үшін топ-компаниялар тізімі бойынша жұмыс атқарылды, екінші тізімнің 50 компаниясы іріктеліп, жылдың соңында сатылымға шығарылады», - деді министр.

Жекешелендіру аясында республикалық  ұйымдардың саны 59 пайызға қысқарды. Оның жалпы құны 638 млд теңгені құрайды. Республикалық  меншікте 160 ұйым қалады.

«Жекешелендіруге коммуналдық меншікті іріктеу  бәсекелестікті қорғаудың  өкілетті органдары мен Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері төрағалығымен өтеді», - деді министр.

Барлық жаңалықтар