• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қаржы министрлігі жекешелендіруді бақылайтын бірыңғай мониторинг енгізеді

Қаржы министрлігі жекешелендіруді бақылайтын бірыңғай мониторинг енгізеді

22 Қыркүйек, 2015 19:21
Қаржы министрлігі жекешелендіруді бақылайтын бірыңғай мониторинг енгізеді, деді министр Бақыт Сұлтанов.

«Барлық жеке меншікке бірыңғай мониторинг енгізген жөн. Қаржы министрлігі жекешелендіруді бақылайтын  бірыңғай мониторинг енгізеді», - деді министр.

Б.Сұлтанов атап өткендей, 21 қыркүйектегі жағдай бойынша, саудаға 379 нысан шығарылып, 205 нысан сатылды. 174 нысан сауда айналымында тұр. 112 нысан жыл соңына дейін саудаға салынады.

«IPO есебімен қосқанда «KEGOK» АҚ сатылым сомасы 67,9 млрд теңгені құрады. Оның 2,7 млрд теңгесі республикалық бюджетке енді, 1,4 млрд жергілікті бюджетке түсті», - деді ол.

Барлық жаңалықтар