• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев: Фермерлердің өтінімі бойынша 60 млрд теңге көлеміндегі бюджеттік несие берілді

Б.Сағынтаев: Фермерлердің өтінімі бойынша 60 млрд теңге көлеміндегі бюджеттік несие берілді

22 Қыркүйек, 2015 18:42
Фермерлердің өтінімі бойынша 60 млрд теңге көлеміндегі бюджеттік несие берілді, деді ОКҚ-да Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.

"Өздеріңіз білесіздер биыл елімізде көктемгі мезгілдің кешеуілдеп келуіне орай, егін егу науқаны да жылдағы кезеңмен сәйкес бастала қоймады. Осыған орай, біздің жиын-терім науқанымыз да әдеттегі мерзімде аяқталады дей алмаймыз. Алайда, ендігі үмітіміз ауа-райының оң қабақ танытуына байланысты болып тұр. Яғни, күз айларындағы әрбір күніміз неғұрлым жауын-шашынсыз, жаймашуақты болған сайын қамбамыз астыққа тола түсетіні сөзсіз, - деді Б.Сағынтаев.

Б.Сағынтаевтың айтуынша, қолайсыз ауа райы батыста, оңтүстік шығыста байқалды.  Температура 40 °С дейін барды. Қорытындысында, бірқатар өңірде егіншіліктің жоғары өнімділігі төмендеуі мүмкін.

«Жинау науқанының қаржыландырылуы  бойынша айтатын болсақ, 60 млрд теңгенің бюджеттік несиесі берілді», - деді ол.

 

Барлық жаңалықтар