Қазақстандық аграрилерге 241 мың тонна жанармай үлестірілді – АШМ

22 Қыркүйек, 2015 19:51
Көктемгі-күзгі жұмыстарды жүргізу үшін «ҚазАгро» холдингі 68 млрд теңге бөлді.

«Ел экономикасының тұрақтылығын сақтауда және халықтың әл-ауқатының жақсаруына орасан зор септігін тигізетіндіктен ел Үкіметі қазіргі таңда отандық шаруаларға мүмкіндігінше көмек қолын созып келеді. Тіпті, осы мақсатта бүгінгі күнге дейін 60 млрд теңгеге жуық қаржылай қолдау көрсетіп, мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен 421 мың тонна жанар-жағармай өнімдерін үлестірді», - деді министр.

Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 98-99 пайызды құрап отыр. Жаңа астық жинау науқанына 14 мың бірлік техника жұмылдырылады.

«Қазіргі таңда республикада  204  рұқсаты бар нан қабылдайтын мекеме бар, олардың сиымдылықтары 13,7 млн теңгені құрайды», - деді ол.

 

Барлық жаңалықтар