• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астана заң университетінің студенттері Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрмеге қатысты (ФОТО)

Астана заң университетінің студенттері Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрмеге қатысты (ФОТО)

23 Қыркүйек, 2015 08:56
Студенттер суретшілер туындыларын тамашалайды, көрме аяқталсымен оларға кейстік әдістеме бойынша тапсырма беріледі. Студенттерге өздерінің әдісі туралы сұрақ қойылады, деді Қазақ гуманитарлық заң университетінің қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Изатхан Медешева Strategy2050.kz берген сұхбатында.

Айта кетейік, ҚазГЗУ университетінде Қазақстан суретшілерінің көрмесі Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды. Ол қазақ мемлекеттілігінің тарихи кезеңдерін бейнелеген. Қазақстан суретшілер одағы 70-тен астам туындыны ұсынды.

Осы орайда тарихшы И.Медешева картиналар интерьерге қосымша ретінде қолданылмайтындығын айтып өтті.

«Туындылар ақпарат беріп туруы қажет. Бұл жолы Қазақ хандығы туралы сыр шертіп тұр», - деді сарапшы.

Университет қызметкерінің айтуынша, көрме студенттердің Қазақстан тарихы саласында дүниетанымын кеңейте түсуге бағытталған.

«Біз бұл датаны мемлекет дәрежесін атап өтудеміз. Барлығына 550 жыл бұрын болған тарих қызықты. Біз, тарихшы ретінде ресми мұрағат бойынша жұмыс істейміз. Біздің студенттер осы шараны тамашалауға жиналды. Себебі, көрме аяқталған соң оларға арнайы тапсырма беріледі», - деді тарихшы.

Барлық жаңалықтар