- Басты
- Жаңалықтар
- Ә.Жанысов: Толеранттылық - бұл мемлекетімізді ұстап тұрған негіз (ФОТО)
Ә.Жанысов: Толеранттылық - бұл мемлекетімізді ұстап тұрған негіз (ФОТО)
Кітапхананың баспасөз қызметінен хабарлағандай, семинарға қатысушылар «Әлемді өзгертетін идеялар» интерактивтік білім беру орталығымен, ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісінің заманауи түрлері және әдістерімен танысты; Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасында ұлтаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді сақтау саясатын зерттеу және насихаттау мәселелерін талқылады; білім алушы жастар арасында ұлтаралық қатынастарды қалыптастыру жөніндегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі; Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі, Төралқа мүшесі; Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Анатолий Башмаков бүгінге этникааралық қатынастың қазақстандық моделі үздік екенін атап өтті
«Бүгінгі таңда әлем өз дамуындағы ең қиын кезеңді өткеруде деуге болады. Бұқаралық ақпарат құралдарынан күнделікті естіп жүрген ақпараттар толғандырады. Бұл тұрғыда біздің ел мен дүниежүзілік геосаясат, әсіресе Еуропадағы жағдайды салыстыра бастайсың. Сол кезде этникааралық қатынастың қазақстандық моделі, басқа сөзбен айтқанда халықаралық қатынас мәдениетінің тиімділігі анық байқалады. Біздің этникалық толеранттылықтың формуласын еуропалық мультикультурализммен салыстырғанда. Біздің көп ұлтты ел, яғни полиэтникалық мемлекет үшін екі негізгі компонетті сақтау маңызды ол, ең алдымен этникалық өзек, екіншісі – этникалық өзектің айналасындағы мәдени құрамды сақтау», - деді ол.
Өз кезегінде, тарих ғылымдарының кандидаты, Назарбаев зияткерлік мектептері Білім беру бағдарламалары орталығының бастығы Әсет Жанысов Назарбаев зияткерлік мектептерінің әлеуметтік-маңызды сипаттарды тәрбиелеу жұмысының тәжірибесімен бөлісті.
«Қазақстандық патризм мен толеранттылық қаншалықты бір-біріне тең келеді? Немесе араларына қандай белгі қоюға болады?«Плюс» пе «минус» пе, «көп» пе немесе «аз» ба? Мен «тең» белгісін қояр едім, өйткені біздің еліміздің нағыз патриоты толеранттылық деген сөз біздің мемелекеттің, біздің қоғамның негізі екенін түсінеді. Біздің елімізде 130-ға жуық ұлт тұрады, бейбіт өмір мен келісімді сақтау үшін өскелең ұрпақ бойына ең алдымен толеранттылық ұғымың сіңдіруіміз қажет. Сонда ғана қазақстандық қоғамда азаматтық біртектілікті қалыптастыра аламыз», - деп түсіндірді ол.
Айта кетерлік жайт, «Қазақстандық біртектілік және жалпыұлттық бірлік» - Елбасы Кітапханасының ұзақмерзімдік білім беру жобасы. Шара ұстаздардың толеранттылыққа тәрбиелеу білігін қалыптастыруды мақсат етеді.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек -
Науқас балаларға донор табу: негізгі проблемалар қандай -
Жаңа әліпби: «Бұл әліпбиді орфографиялық жұмыс тобының 95%-ы қолдады» -
Отандық фармацевтиканың дамуы: 2020 жылдың негізгі көрсеткіштері -
М.Тілеуберді: «Пандемияға қарамастан, Қазақстан сыртқы саясатының негіздері өзгеріссіз қалады» -
«Менің атым кім?» жобасының авторы: Бұл кітапта әр бала ертегі кейіпкері бола алады -
COVID-19 вирусынан амбулаториялық емдеу негізінде қандай дәрі-дәрмек тегін беріледі -
Абай175: Ұлы ақын туғaн өңiр туристік нысанға айналды