Қазақстанда жекешелендіру аясында 205 нысан сатылды – Қаржы министрлігі

22 Қыркүйек, 2015 20:43
Қазақстанда 2015 жылдың 21 қыркүйегіндегі жағдай бойынша іс жүзінде саудаға 407 объекті шығарылды, оның ішінде 205 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 10, коммуналдық меншік бойынша - 92, ӘКК - 58, холдингтер бойынша – 45, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 2 730 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 1 348 млн. теңгеден астам, Холдингтер 60 850 млн теңге, ӘКК 2 919 млн. теңге.

Республикалық меншік бойынша барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату кестесі бойынша 34 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қыркүйектегі кезеңінде іс жүзінде сатуға 21 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 21 қыркүйектегі жағдай бойынша сауда-саттыққа 21 объекті шығарылды, оның ішінде 10 объекті сатылды.

Ал, коммуналдық меншік бойынша барлығы  240 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қыркүйектегі кезеңінде 202 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 21 қыркүйектегі жағдай бойынша 193 объекті шығарылды, соның ішінде  92 объекті сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2015 жылдарда сату кестесі бойынша сатуға 110 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қыркүйектегі кезеңінде 98 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 79 объекті сатуға қойылды, 58 объекті сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша  2014 - 2015 жж. арналған сату кестесі бойынша 107 объекті жекешелендіруге жатады, 21 қыркүйектегі жағдай бойынша жоспарланған 86 объектінің 86 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 45 объект сатылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2014-2015 жылдарға арналған сату кестесінде 491 нысанды саудаға шығару жоспарланған. 

Барлық жаңалықтар