• Басты
  • Жамбыл облысында қалалық көпбағытты аурухана мен аудандық емхананың құрылысы аяқталуға жақын
29 Қазан, 2013 10:49

Жамбыл облысында қалалық көпбағытты аурухана мен аудандық емхананың құрылысы аяқталуға жақын

2013 жылы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша Таразда көпбағытты аурухана мен Жамбыл ауданының Аса ауылында емхананың құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысында қалалық көпбағытты аурухана мен аудандық емхананың құрылысы аяқталуға жақын | Strategy2050.kz

«Тараз қаласындағы 300 адамдық қалалық көпбағытты аурухананың құрылысы 2012 жылы басталған болатын. Ол кезде 650 млн теңге қаржы қолданылған. Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 1,16 млрд теңге бөлінді. Жыл соңына дейін барлық жұмыстар аяқталады деп жоспарлануда», - деп хабарламада нақтыланған.

Сонымен қатар, аудандық емхананың құрылысы 250 адамды қабылдайды. Аталмыш құрылыс жүру барысында бірқатар олқылықтар табылған. Қаржыландырумен де проблема туындаған. Алайда, әкімдіктің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 3 жылға созылған емхананың құрылысы жақын арада аяқталады.

Айта кетерлігі, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша Жамбыл облысында құрылысқа 7 медициналық мекеменің  бесеуі енді.

 

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды