- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан аумағы арқылы Қытай- Еуропа- Қытай транзиттік контейнерлік қызметі үш есеге артады
Қазақстан аумағы арқылы Қытай- Еуропа- Қытай транзиттік контейнерлік қызметі үш есеге артады
Көрмеде «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қазақстанның транзиттік әлеуеті туралы баяндама жасады. Баяндама барысында Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты аясындағы Қытай Халық Республикасымен синергиялық «Бір белдеу- бір жол» бағдарламасын үйлестіру жайы айтылды. Сондай-ақ, 2015 жылғы сегіз айда Қытай-Еуропа-Қытай бағдарындағы контейнерлік пойыздардың 2014 жылмен салыстырғанда 105 контейнерлік пойыздан 291-ге артқандығы аталып өтілді. «Ляньюнган қаласындағы қазақстан –қытай халықаралық логистикалық компаниясы» 14 айда 150 мың контейнерді өңдеген. Бұл көрсеткішті 2020 жылдарға қарай 500 мың контейнерге жеткізу жоспарланып отыр.
Сапар барысында Цзянцу провинциясының губернаторы Лю Сюеюн мен Ляньюньган қаласының мэрі Чжао Сяоцзянмен екіжақты кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында 2015 жылғы тамыздың 31-індегі Қазақстан Республикасы Президентінің ҚХР-ға сапары барысында қол қойылған «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА дамытуға арналған инвестициялық 600 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қаржыны игеру жайы сарапталды.
Оның сыртында «Ляньюньган қаласындағы қазақстан-қытай халықаралық бірлескен логистикалық компаниясын» одан әрі дамыту мен Ляньюньган порты маңындағы Шаңхай Ынтымақтастығы Ұйымына қатысушы мемлекеттердің логистикалық паркінің техникалық-экономикалық дәйектемесін жасау жайы қарастырылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді