• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-да «Ұлы дала елі» экспедициясы аясында қола дәуіріндегі «Ақ бауыр» астрономиялық кешені тамашаланады

ШҚО-да «Ұлы дала елі» экспедициясы аясында қола дәуіріндегі «Ақ бауыр» астрономиялық кешені тамашаланады

22 Қыркүйек, 2015 16:43
Шығыс Қазақстан облысына Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тарихи-мәдени экспедиция келді. Саяхат барысында экспедиция күнделігі сирек кездесетін мәдени, тарихи және архитектуралық ескерткіштер туралы мағлұматтармен толығады. Олардың ішінде қола дәуіріндегі «Ақ бауыр» астрономиялық кешені бар.

ШҚО-ның Ақпараттық орталығынан хабарлағандай,  экспедиция құрамына Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен ШҚО бойынша «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілдері, ғалымдар, өлкетанушылар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері және аймақ жастары енді.

Шығысқазақстандықтар экспедиция тобын Семейде қарсы алды. Өскеменге келгеннен кейін олар Аягөзге бет алады. Саяхат аясында экспедиция мүшелері тарихи, мәдени, архитектуралық ескерткіштері аралайды және олар туралы барынша ақпарат жинастырады. Барлық мәліметтер кітап-күнделіккке енгізіледі.

Шығыс Қазақстанға экпедиция барысында «тас дәуірінің обсерваториясы» - «Ақ бауыр» кешеніне ерекше көңіл бөлінетін болаы. Ол Өскемен қаласынан 38 км қашықтықта, Ленинка ауылынан кейін Калбинск тауларында орналасқан. 

«Қазақ хандығының 550 жылдығы бір-ақ рет болатын оқиға. Біз оны тек атап өтіп қана қоймай, тарихымыз үшін маңызды бір дүниелерді жасауымыз керек. Мұндай экспедицияларды өткізу арқылы біз қазақстандық біртұтастылықтың дамуына, нығаюына және аймақтағы ішкі туризмнің дамуына, мәдениеттіліктің артуына, ұлттық мәдени құндылықтарымызды сақтап қалуға оң әсер етеміз», - деп ағынан жарылды ҚХА ШҚО бойынша хатшылығының жетекшісі Еркінбек Аязбаев.

 

 

 

Барлық жаңалықтар