Астана мен Алматы вокзалы еуропалық талапқа сай жаңғыртылады

22 Қыркүйек, 2015 17:14
«Вокзал сервис» АҚ мен Италияның «Grandi StazioniS.p.A.» (GS) компаниясы арасында вокзалдарды коммерциялық басқару мен техникалық жаңғыртудың консалтингілік серіктестігі меморандумына қол қойылды, деп хабарлады «ҚТЖ»ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Меморандум «EXPO-2017» халықаралық көрмесі аясында әлемдік үздік тәжірибелерді өндіріске енгізу арқылы жолаушыларға жоғары талапқа сай қызмет көрсету қарастырылады.

«Вокзал сервис» АҚ президенті Қайрат Тұрлыхановтың хабарлауынша, Астана, Алматы-1, Алматы-2 темір жол вокзалдары жаңғыртылады. «Бұған итальяндық әріптестеріміз көмектеседі. Өйткені, оларда темір жол вокзалдарын жаңғырту мен қатар оны басқарудың  мол тәжірибесі бар»,-дейді Қайрат Тұрлыханов.

Айта кетейік,  «Вокзал сервис» АҚ Қазақстанның темір жол вокзалдарының ұлттық операторы болып саналады. Компания темір жол вокзалдарын пайдалану мен жөндеу жұмыстарын атқарады.

Жолаушыларға сервистік қызмет көрсетеді. «Вокзал сервис» АҚ құрамына 28 вокзал, 266 жолаушылар платформасы кіреді. 230 темір жол вокзалдары мен 82 жолаушылар платформасы сенімді басқаруға берілген. Темір жол көлігі инфрақұрылымын дамыту мен жолаушыларға қызмет сапасын көтеру мақсатында жылда республика вокзалдарына жөндеу жұмыстары жасалады.

Барлық жаңалықтар