• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі стратегиялық инвесторларды тарту арқылы даму тәсілін өзгертеді – ҚР ҰЭМ

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі стратегиялық инвесторларды тарту арқылы даму тәсілін өзгертеді – ҚР ҰЭМ

22 Қыркүйек, 2015 15:37
ҚР Үкіметі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне стратегиялық инвесторларды тартпақшы және оның даму тәсілін өзгертуге мүдделі, деді ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

«Тұрғын үйді несиелендіру алғашқы шарттарын төмендету жағдайы былай қалыптасты, яғни пропорцияны бұзу, бүгінгі 50-де 50 дегенді бұзу бюджеттен қосымша қаражаттың бөлінуін білдіреді», - деді министр.

Оның айтуынша, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі  топ-60 республикалық нысандар қатарына кіреді.

«Біз оған қосымша стратегиялық инвесторды тартуды көздеп отырмыз, және стратегиялық инвестор келген жағдайда ТҮҚЖБ  даму стратегиясы мен тәсілін  өзгерте аламыз. Бюджет қаржысы мен инвестордың қаржысын араластыру күтілуде. Бұл мәселе Ұлттық банкпен теңгенің өтімділігін қамтамасыз ету бағдарламасы аясындада талқылануда  және оның аясында ТҮҚЖБ дамуына қатысты мәселені бөлек қарастыратын боламыз деген үміттеміз», - деді Е.Досаев.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар