- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҰЭМ: Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын жекешелендіруде МЖӘ-нің түрлі үлгілері қолданылады
ҚР ҰЭМ: Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын жекешелендіруде МЖӘ-нің түрлі үлгілері қолданылады
«Жекешелендіру үрдістерін іске қосу мақсатында Үкімет компанияларды бәсекелес ортаға берудiң бiрқатар тәсілiн ұсынды. Соларды атап өтер болсам, кейбір ең ірі активтер тікелей сату жолымен немесе IPO және SPO тетіктері арқылы қор нарығына шығару жолымен iске асырылады. Басқа компаниялар аукционда немесе компанияларға жеке инвестор қатысып отырған болса, тікелей сату тәсілдерін пайдалану арқылы сатылады», - деді министр.
Оның айтуынша, аукционда сатуға келер болсақ, өткен жылғы тәжiрибе көрсеткендей, аукционға шығарылған көптеген нысан қажеттi деңгейде бағасын төмендетуге жеткен жоқ. Сол себептi сату санына шектеу қойылады.
«Бірінші сауда-саттық ағылшын әдісі бойынша бағаны көтеру арқылы жүргізілсе, екінші және үшінші сауда голландтық тәсілмен бағаны түсіру арқылы жүргізіледі. Үш рет сауда жүргізгеннен кейін сатып алушылар болмаған жағдайда, нысан қайта құрылады немесе толық таратылады», - дедi министр.
Е.Досаев мәлiм еткендей, жақсы активтердің сатылып, ал аз қызығушылық тудыратын активтер мемлекетте қалып қоймауы үшін, бөлшектеусіз, қайта құрылымдаусыз немесе жеке бөлікке бөлусіз нысандарды сатуды қамтамасыз ету ұсынылады.
«Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын жекешелендіру кезінде ұзақ мерзімді мемлекеттік мүліктi ұзақмерзiмдi жалға алу, сенімгерлік басқару, сервистік келiсiмшарттар секiлдi мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктiң түрлі үлгiлерi белсенді түрде қолданылады», - деді ол.
Министрдің айтуынша, барлық осы ұсыныстар заңнамалық рәсімдеуді талап етеді. Сондықтан, Үкiмет «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында Парламент қарауына енгізілетін заңнамаға ауқымды түзетулер әзірледі.
«Алдыңғы жылдардағы жекешелендіру тәжірибесін ескере отырып, Үкімет бұл процестің барынша айқындығын және тиімділігін қамтамасыз етуге тырысады», - дедi Е.Досаев.
Оның айтуынша, жүргізілетін жекешелендіру бағыттары және оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар беретін, оған сүйелмелдеу мен мониторинг жүргiзуге тәуелсіз халықаралық консультанттар тартылады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады