- Басты
- Жаңалықтар
- АШМ: Қазақстан биыл экспортқа 7 млн астық шығаруға мүдделі
АШМ: Қазақстан биыл экспортқа 7 млн астық шығаруға мүдделі
22 Қыркүйек, 2015 15:09
Қазақстан биыл экспортқа 7 млн тонна астық шығаруды жоспарлап отыр, деді Орталық коммуникациялар қызметінде Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.
«Биыл астық 17,5 млн тонна көлемінде жиналады деп болжанып отыр. Тиісінше экспорттық әлеуетіміз 7 млн тонна шамасында болады. Бұл көпжылғы орташа деңгейден сәл көбірек. Қандай да бір жаңа экспорт бағыттарын ашуды көздеп отырған жоқпыз. Астықты дәстүрлі негізгі нарықтарымызға жөнелтетін боламыз», - деді Мамытбеков.
«Бүгінде Париж биржасында бидайдың үшінші сұрпы 165 доллар шамасында, ал Чикаго биржасында 170 доллар шамасында тұрады. Егер долларды 250-260 теңге бағамымен қайта есептесек, Қазақстанда астық құны әлемдік бағаға сәйкес келеді», - деп толықтырды министр.
Айта кетейік, бүгінгі күні дәнді дақыл алқаптарының 62 пайызы жиналған.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты