В.Школьник: Жылу беру маусымы кестеге сәйкес басталады

22 Қыркүйек, 2015 14:47
ҚР Үкіметі өңірлердің күзгі-қысқы жылу беру маусымына дайындығын бақылап отыр. Жоспарланған жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде, жылы беру маусымы да жоспарға сәйкес басталады, деді ОКҚ-дағы брифингте Энергетика министрі Владимир Школьник.

«ҚР Үкіметі өңірлердің күзгі-қысқы жылу беру маусымына дайындығын бақылап отыр. Жоспарланған жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде, жылы беру маусымы да жоспарға сәйкес басталады. Бекітілген кестеге сәйкес, қыстағы ең үлкен қысым 17 850 МВт-ты құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 350 МВт-қа жоғары», - деді В.Школьник.

Оның айтуынша, қазандық, құбыр, энергоблоктардың жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде, жылу беруге дейін дайын болады.

«Өңірлердің әкімдіктері жылу жүйелерінің жұмыс кестесін бекітті. Күзгі-қысқы мерзімге жанармай қоры сақталған», - деді министр.

Ол атап өткендей, жанармайды жаңғырту жүргізілуде.

«Көмір мен мазуттың қоры айтарлықтай сақталған. Коммуналдық кәсіпорындар үшін 34 мың теңге ҚҚС бойынша тоннасына бөлінді, нарықта тоннасы үшін 40  мың теңге сұралынады. Газ сиымдылығы 1,5 млрд текше метрді құрайтын  ыдыстың 92 пайызына дейін толтырылды», - деді В.Школьник.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар