• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Досаев: Экономиканы мемлекет иелiгiнен шығару мен жекешелендiру «Yellow Pages» қағидаты бойынша жүзеге асырылады

Е.Досаев: Экономиканы мемлекет иелiгiнен шығару мен жекешелендiру «Yellow Pages» қағидаты бойынша жүзеге асырылады

22 Қыркүйек, 2015 14:38
Қазақстанда экономиканы мемлекет иелiгiнен шығару немесе жекешелендiру «Yellow Pages» қағидаты бойынша жүзеге асырылады, деді ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы жөнінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрi Ерболат Досаев.

«Әлемдік тәжірибе экономика және жекешелендіруді шығындарды азайтуға алып келетіндігін, өндірісті басқару сапасын арттыратындығын көрсетіп отыр. Үкімет экономиканы мемлекет иелігінен шығару және жекешелендірудің жаңа тәсілдерiн әзірледі. Олардың негізіне мемлекеттің кәсіпкерлік қызметте қатысуын шектейтін, ағымдағы жылғы сәуір айында қабылданған «Бәсекелестік туралы» Заңда көрініс тапқан «Yellow Pages», яғни «Сары беттер» қағидалары алынды», - дедi Е.Досаев. 

Ол атап өткендей,  жаңа құрылымдық экономикаға көшу тек жекелеген компаниялардың ғана емес, сонымен қатар тұтас салалар қызмет ету тиімділігін арттыруды талап етеді. Мемлекет қамқорлығындағы мемлекеттік компаниялар жеке бизнестің толыққанды дамуына мүмкіндік бермейді, бәсекелес ортаның дамуын ынталандырмайды.

«Бүгінгі жекешелендірудің негізгі мақсаты – мемлекеттік активтерді барынша тиімді меншік иесіне өткізу жолымен еліміздің жеке бизнесінің одан әрі дамуына жаңа қарқын беру», - деді министр.

Министрдің айтуынша,  мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін немесе қоғамның мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудің өзге мүмкіндіктерінiң болмауы, мемлекеттік меншіктегі стратегиялық нысандарды пайдалануы және күтіп-ұстауы, мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы қызметті жүзеге асырылған, жеке бизнес-құрылым қатарынан кемінде бір бәсекелес болған жағдайда мемлекеттің ол сектордан шығуы «Yellow Pages» қағидаттары болып табылады. Бүгінгі таңда мемлекеттің иеліктен шығаруға жатпайтын активтерi бар, ол – жеке меншіктегіден басқа жерлер, жер қойнауы, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары. Жоғарыда аталған тәсілдердің негізінде, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың жекешелендіру нысандарынан, оның ішінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Бәйтерек» АҚ пен «ҚазАгро» АҚ, 60 ірі компаниялардан тұратын басымды тізiм әзiрлендi.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар