- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Үкіметі экономиканы мемлекет иелiгiнен шығару мен жекешелендiрудің жаңа әдістерін әзірледі
ҚР Үкіметі экономиканы мемлекет иелiгiнен шығару мен жекешелендiрудің жаңа әдістерін әзірледі
«Жаңа құрылымдық экономикаға көшу тек жекелеген компаниялардың ғана емес, сонымен қатар тұтас салалар қызмет ету тиімділігін арттыруды талап етеді.Мемлекеттік меншіктің үлесін ЭЫДҰ елдерінің дәрежесіне жеткізу қажет. Бұл ЖІӨ-нің 15 пайызы. 2020 жылға таман Елбасы экономиканы мемлекет иелiгiнен шығару немесе жекешелендiруді жеделдетуді тапсырды», - деді Б.Сағынтаев.
Оның айтуынша, әлемдік тәжірибе экономика және жекешелендіруді шығындарды азайтуға алып келетіндігін, өндірісті басқару сапасын арттыратындығын көрсетіп отыр.
«Басымдықты тізбе 60 ірі компаниядан тұрады. Оның ішінде «Самұрық-Қазынаның» 38, «Бәйтеректің» 4, «ҚазАгроның» 4 және республика меншілігінде 14 нысан бар. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» қорының меншігіндегі басқа да компанияларды бәсекелестік ортаға беру ұсынылуда», - деді ол.
Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары айтып өткендей, жекешелендіру үрдісі барынша ашық өтеді, осы мақсатта МcKinsey, BCG, Tony Blair Group сынды тәуелсіз халықаралық консультанттарды тарту жоспарланған.
Б.Сағынтаев өз сөзінде барынша ірі активтері стратегиялық серіктестердің қатысуымен IPO және SPIO механизмдрі арқылы қор нарығына, оның ішінде 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін елордада құрылатын Халықаралық қаржы орталығы алаңына шығару арқылы сату болжанып отырғанын баса айтты.
«Басқа компанияларды егер жеке инвестор қатысушы болса, онда тікелей саудалау әдісін пайдалану арқылы аукционда сату ұсынылады. Бүгінгі күні компаниялардағы мемлекеттің қатысу үлесі 100 пайызды құрайды. Сатылымға бақылаушы және тосқауылдаушы акциялар топтамасы, яғни 25-тен 50-пайызына қосымша 1 және одан көп акция шығарылады», - деген Б.Сағынтаев.
Жеке меншік инвесторлары бар компаниялардың үлесі 50 пайызға дейін жеткізіледі.
Индира Кауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері