• Басты
  • Жаңалықтар
  • График суретшілердің көрмесі қазақ мемлекеттелігі қалыптасуының тарихи кезеңдерін бейнелейді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

График суретшілердің көрмесі қазақ мемлекеттелігі қалыптасуының тарихи кезеңдерін бейнелейді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

22 Қыркүйек, 2015 16:09
Астанадағы Қазақ хандығы көрмесіне «Қыз-Жібек» кинокартинасындағы суреттерді салған суретші К.Ходжиковтың жұмыстары қойылды. Қазақ мемлекеттік заң университетінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Қазақстан суретшілерінің көрмесі өтуде. Ол қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының тарихи кезеңдерін бейнелейді.

Көрмеге Қазақстан суретшілер одағының  шамамен 70 тақырыптық картинасы қойылған.  Жұмыстар графикалық үлгіде жасалған. Өздеріңіз білетіндей, графикалық әдіс ол ең көне әдіс болып есептеледі.  Авторлардың дәл  осы әдіспен жасаған туындылары үлкен қызығушылық тудыруда.  

«Көрменің мақсаты- жастарды тәрбиелеу. Қазақстанның 6 аймағынан келген 13-тен астам  суретшінің жұмыстары қойылған.  Қыл қалам шеберлерінің туындыларында  XV  ғасырларда Керей мен Жәнібек басқарғаннан бастап Кенесары ханның дәуіріне дейінгі  кезең суреттелген. Ресми емес ақпараттарға сәйкес, Кенесары Қазақ хандығының соңғы ханы болып есептеледі»,  - деді ҚазМЗУ  тәрбиелік жұмыстар бойынша проректоры Арман Пирзадаев. 

 

Тематикалық көрмеде қиын көпфигуралы композициялар, көне Қазақстандағы тарихи оқиғалармен тығыз байланысты сюжеттер,  абстаркты символикалық композициялар ұсынылды.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрме желтоқсан айына дейін жалғасады.

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген Кенжекей Ақсейітова

Барлық жаңалықтар