- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық әскери қызметші парашютшілер Азия және Океания чемпионатының рекордын орнатты (ФОТО)
Қазақстандық әскери қызметші парашютшілер Азия және Океания чемпионатының рекордын орнатты (ФОТО)
Қытай Халық Республикасының Тайюань қаласында әскери қызметшілер парашюттік спорттан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының құрамында өнер көрсетті. Парашюттік командасының бастығы майор Леонид Дудкиннің басшылық етуімен Әуе қорғанысы күштерінің спорттық парашюттік командасы бұл жарыстарда Қарулы Күштері мен Қазақстан Республикасын жоғары деңгейде көрсетті.
Сайысқа әлемнің 14 елінен жиналған командалар қатысты. Екі додада жарысқа түсті. Ол: классикалық парашютизм – жеке сынақта жерге қону дәлдігіне арналған секірулер және жеке парашюттік акробатика, сондай-ақ күмбезді парашюттік акробатика (4 парашютшінің ротациясы). Қытай мен Азия және Океания ашық ұлтаралық чемпионатының чемпиондары атағын күмбезді парашюттік акробатика командасы иемденді. Әскери қызметші капитан Азамат Әбдірайымов, прапорщик Арсений Тарабаев, старшина Андрей Томилин, Денис Новицкий және ҚР ҚК қызметкері Александр Терентьев бірінші орынды қанжығасына байлап, IMEKS сынағында Қытайдың ашық ұлтаралық чемпионатының чемпиондары атанды. Команда бес алтын медальмен, он күміс медаль және екі кубокпен марапатталды.
Аталған чемпионатта ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Парашюттік дайындық орталығының жеке құрамы күмбезді парашюттік акробатика (4 парашютшінің ротациясы) бойынша Азия және Океания чемпионатының рекордын орнатты. Қазақстандық парашютшілер «Катари» командасымен жиырма ротация орындады. Осы фигураны орындау кезінде парашютшілер бірінің артында бірі орналасып, кезекпен-кезек алмасып, орындарымен ауысады.
Ротациядағы жарыстар кезінде 4 парашютші мен әуе операторынан құралған командалар қатысады. Берілген уақыт шеңберінде жарыстың барлық айналымы аяқталғаннан кейін ротацияның барынша санын орындаған команда жеңіске жетеді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары