• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның 14 жастағы мәнерлеп тебушісі Сочидегі Олимпиада ойындарына қатысады

Қазақстанның 14 жастағы мәнерлеп тебушісі Сочидегі Олимпиада ойындарына қатысады

29 Қазан, 2013 10:24
Сочиде өтетін XXII Қысқы Олимпиада ойындарына 14 жастағы Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп тебу спорт түрі бойынша өнер көрсетеді, деп спортшының әкесі, оған қоса менеджері мәлімдеді.

«Лиза 14 жасқа толады. Ол өзінің жасы үшін ауқымды сайыстарға қатыса алмайды», - деді Байтақ Тұрсынбаев.

Оның айтуынша, қазір Элизабет жасөспірімдер арасындағы Гран-придің финалына дайындалуда, ол Жапонияда 5-8 желтоқсан аралығында өтеді.

Айта кетейік, Элизабет Минскіде жасөспірімдер арасында өткен сайыста 2 орынды иеленген болатын.  

Элизабет Тұрсынбаева 2013-2014 жылдардың жасөспірімдер гран-при финалының рейтингісі бойынша 5 үздік спортшының қатарына енеді. Сонымен қатар, Элизабет Мәскеудің чемпионы, 2010-2012 жылдар аралығында ҚР чемпионы атағын талай мәрте иеленген.

 

 

Барлық жаңалықтар