Биыл Қазақстанда қайта өңдеу саласының өндірісі 0,5%-ға ұлғайды -ҚР ИДМ

22 Қыркүйек, 2015 12:23
Қазақстанда 2015 жылдың 8 айында қайта өңдеу саласының өндірісі 0,5%-ға ұлғайды, деп хабарлады ҚР ИДМ индустриалды даму мен өндірістік қауіпсіздік көмитетінің төрағасы Аманияз Ержанов «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында.

«Біз 8 айдың ішінде  кәсіпорындарға жақсы көмектестік. Өндірістік кәсіпорындарға қолдау көрсету  жоспары өзінің тиімділігін көрсетті. Сегіз айдың қорытындысы бойынша қайта өңдеу саласының өндірісі 0,5%-ға артты», - деді А.Ержанов.

Оның айтуынша, Жоспар аясында қолдау шараларымен 82 кәсіпорын қамтылды.

«Олардың ішінде 25 металлургия өндірісінің кәсіпорны, 27-ден астамы машина құрылысы, 20 химия өндірісі, 12 құрылыс индустриясы өндірісі салаларындағы кәсіпорындар. Меморандумдар аясында 119 ірі өндіріс ошағы 356 млрд теңгенің келісімін жасады», - деп түсіндірді ол.

«Қазақстанда жасалған» жобасы аясында 5,3 млрд теңгеге 197 меморандум және 2,8 млрд теңгеге 22 келісім түзілді, бүгінде олдардың 53,9 % орындалды.

Анар Тәңірқұлова  

Барлық жаңалықтар