Батыс Қазақстанда мұнай және газ жаңа кластері құрылып жатыр

22 Қыркүйек, 2015 11:32
Батыс Қазақстанда мұнай және газ жаңа кластері әзірленуде, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның батыс аймағында  Қашаған, ТШО және Қарашығанақ  сияқты ірі үш жобаның төңірегінде машина жасауға қолдау жасап және қызмет көрсететін, мұнай мен газ өндіріп, оны өңдейтін ұлттық кластер құрыла бастады.

 Ең алдымен жобалардың сапасына, өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне, сататын нарық табуға, сондай-ақ, инвестиция тартудың жаңа мүмкіндіктерін іздеуге ерекше мән беріледі.

Ірі жобаларды үйлестіру Үкімет пен ұлттық холдингтерге, шағын және орта жобаларды үйлестіру даму институттарының қолдауымен әкімдіктерге жүктеледі.

Барлық жаңалықтар