- Басты
- Жаңалықтар
- «Ұлы дала елі» экспедициясы Ақтөбе облысына барды
«Ұлы дала елі» экспедициясы Ақтөбе облысына барды
Батыс Қазақстан облысынан эстафетаны қабылдап алған Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жолдас Нұршин сөз сөйлеп, тарихи-мәдени экспедицияның маңызын айтып өтті.
Содан соң, Қобда ауданының әкімі Асқар Жүсібалиев, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Рахым Бекназаров және «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маманы Түлкібай Сапаров өлкенің тарихына тоқталып, жиналғандарды экспедицияның қабылдау күнімен құттықтады.
Экспедиция барысында аймаққа белгілі өлкетанушылар, ақсақалдар мен тарихшылар экспедицияның мүшелеріне аталмыш тарихи орындардың маңызын түсіндірді.
Шара барысында – экспедиция мүшелері жергілікті халықпен «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» - 100 нақты қадам Ұлт жоспарының «Біртектілік және бірлік» бағыты бойынша «Мәңгілік ел мұраты –ел бірлігі» тақырыбына халықпен кездесулер өткізіп, Қазақстан мемлекеттігінің негіздеріне және Қазақ хандығының тарихына арналған «Жер тарихы – ел тарихы» тақырыбы бойынша сұхбаттар өткізіп, «Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісі» бойынша дәріс - таныстырылымдар өткізіп, қалаларда, кенттерде және ауылдарда орналасқан кітапханалар мен мұражайларға кітаптар сыйға тарту көзделген «Теңдессіз сый» акциялар өткізілу жоспарлануда.
10 адамнан құрылған топ бес күн бойы өңірдегі тарихи орындарды аралап, ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттамақ.
26 қыркүйекте Ақтөбе мен Қызылорда облыстарының шекарасында (Ырғыз – Арал аудандары) экспедицияға қатысушылардың жазған күнделік – кітабы экспедицияның басты нышаны ретінде Қызылорда облысына тапсырылады.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар өткізу процесіне енгізілген өзгерістер -
Зейнетақы жарналарын пайдалану: 206 мың қазақстандық тұрғын үй жағдайын жақсартты -
Елордада «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда мемлекеті тарихы» кітабының тұсауы кесілді -
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді -
Еңбек адамдары мемлекеттік наградалармен марапатталды