• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы облысында жануарларды қоректендіретін экстрадициялық жем шығару жүйесі іске қосылды

Алматы облысында жануарларды қоректендіретін экстрадициялық жем шығару жүйесі іске қосылды

22 Қыркүйек, 2015 10:56
Алматы облысындағы «Kazkorm» компаниясы, шетелдік технологиямен ит пен мысық, балықтарды қоректендіретін экстрадициялық жем шығару жүйесін іске қосты, деп хабарлады «Даму» қоры.

Сонымен бірге дайын өнімді шығаруда 95% дейін отандық шикізат пайдаланылады. Қысқа мерзімде ұқсас импорттық өнімдердің ешқайсысынан кем емес әрі бағасы да анағұрлым арзан қазақстандық жем түрін алуға қол жетті.

Мемлекеттік қолдау арқасында компания шығаратын өнім сапасын жаңа деңгейге көтере алды. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша Голландиядан Қазақстанға келген сарапшы екі апта ішінде кәсіпкерге жем мен оның құрамдарының сапасын арттыру бойынша өндіріс үдерісін ретке келтіруге көмектесті.

 «Мұндай өндіріс Қазақстанда алғаш жолға қойылған. Сондықтан бізде бұл мәселемен айналысатын, осы салада тәжірибесі бар мамандар жоқ. Даму Қоры іске асырып отырған «Аға сеньорлар» жобасы біздің шетелден мамандар тартуымызға мүмкіндік берді. Шетелдік сарапшы біз білмейтін бірқатар нәрселерді, атап айтқанда жабдықты қайта жасауды автоматтандыруды үйретті. Біз ол әдісті пайдаланып сәтті қолданып отырмыз»,- дейді «Казкорм» ЖШС директорының орынбасары Арман Рақышев.

«Мұнда ұсынылған, яғни малға берілетін ақуыз бөлігі қысқартылып, өсімдік ақуызымен ауыстырылатын әдіс қазір Еуропада қолданылады. Бұған қоса өнімнің барлық қоректілік құнарлылығы сақталады және оның өзіндік құны қысқартылады. Жергілікті зауыт қуат шығыны мен жұмыс күші жағынан еуропалықтардан кем түспейді. Бірақ сонымен бірге, жем сапасы нидерландтық зертхана сараптамасының нәтижесі бойынша барлық талапқа сай. Егер осындай өндірісті Еуропадағы осындай өнімділікпен салыстыратын болсақ, онда бұл 2 есе энергияны аз тұтынады. Сондықтан мұнда энергияның жұмсалуын 2 есеге азайтып, әлемдік стантартқа жақындауға болады. Біз қазір осыған жету жолында жұмыс істеп жатырмыз», - дейді шетелдік сарапшы Лео Энгелен.

«Аквакорм» тауар белгісіндегі өнім Қазақстан нарығындағы сөрелерде жуырда пайда болды. Қазір ол Алматы қ. мен Қазақстанның өзге де аймақтарында өз желісі арқылы таратылады. Биыл өндіріс көлемін 1000 тоннаға жеткізу көзделіп отыр.

Атап өту керек, бүгінгі күні Алматы облысындағы 7 кәсіпорын халықаралық және шетелдік ұйымдардың ынтықмақтастығымен жедел көмекті пайдаланды.

Барлық жаңалықтар