• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Нұр Отан» партиясының делегациясы ҚХР-дағы «Инновация көшесімен» танысты

«Нұр Отан» партиясының делегациясы ҚХР-дағы «Инновация көшесімен» танысты

22 Қыркүйек, 2015 10:38
«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов бастаған делегацияның Қытайға арнайы сапары кезінде Чжунгуаньцунь технологиялық және ғылыми орталығының «Инновация көшесімен» танысты.

Партияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, тараптар бизнес бастамаларға мемлекеттік деңгейде қолдау көрсету салаларында және ҚР мен ҚХР арасындағы бизнес инкубаторлардың серіктестігі бойынша тәжірибе алмасты. 

«Инновация көшесі» технология мен инновация саласындағы бірегей идеялары бар жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін бизнес инкубатор болып табылады.

Жобаны 2014 жылы ҚХР үкіметі іске қосты , бүгінде қызмет көрсету және бизнес стартаптарға қолдау көрсету  салаларындағы 20-дан астам агенттік тартылды.

Естеріңізге сала кетейік «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов бастаған делегация 17-қыркүйекте Бейжің қаласында Қытай Коммунистік партиясы басшылығымен 2015-2017 жылдарға арналған екіжақты ынтымақтастық құжаттарына қол қойды. Сондай-ақ, «Нұр Отанның» Саяси менеджмент мектебі мен ҚКП Жоғары партия мектебі арасында 2015-2017 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы келісім жасалды

Барлық жаңалықтар