«Ұлы дала елі» экспедициясы СҚО-ның Мағжан Жұмабаев ауданына барды

22 Қыркүйек, 2015 10:03
«Ұлы дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедиция Солтүстік Қазақстан облысының М.Жұмабаев ауданына барды.

ҚХА-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, экспедицияның мақсаттары мен міндеттерімен таныстыру үшін Булаев қаласындағы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі  Асқар Бегманов құттықтау сөз сөйледі.

 Ол ауданның тарихы, мәдениеті және этнография туралы әңгімеледі, сондай-ақ Мағжан Жұмабаев ауданының тарихи ескерткіштерін зерттеуге ықылас білдіргендері үшін экспедиция мүшелеріне алғыс білдірді.

Экспедиция жетекшісі Нұрбек Шаяхметов экспедицияның негізгі мақсаты: «Қазақстан халқының азаматтық бірегейлігін нығайту, тарихи-мәдени құндылықтарын және рухани-адамгершілік мұрасын неғұрлым терең білу және насихаттау негізінде ұлттар бірлігін сақтап, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу» туралы ауыл адамдарына әңгімелеп берді.

Ресми кездесуден кейін, экспедиция мүшелері, аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, экскурсия жүргізушілері, жергілікті ақсақалдар Мағжан Жұмабаев мемориалдық музейін аралады. Ол 1993 жылы ақынның туғанына 100 жыл толған жылы, туған жері Сарытомар ауылында ашылды. Жалпы алғанда, мұражайда 250 экспонат жиналған.

Жиналған кітаптар, фотосуреттер, Омбы, Алматы, Петропавл мұрағаттарынан алынған құжаттардың көшірмелерінен басқа зерттеушілердің ерекше қызығушылығын тудырған бірегей экспонат – Мағжанның өмірі мен шығармашылығы туралы таңдаулы өлеңдер жинағы болды. Ол Ташкентте 1923 жылы жарияланған. Мағжанның сирек фотосуреттері, ақыннық шебер сөздері және көптеген жеке заттары өлеңдері жинағы ерекше әсер қалдырды.

Экспедиция мүшелері үшін қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың мемориалдық музейіне бару қызықты экскурсия болғандықтан, олар тарихи-мәдени және экспедиция күнделіктеріне жазып алды, өйткені, ұлы қазақ ақынының туған жерінде болу кім-кім үшін де шын мәнінде ерекше оқиға болды.

Мұражайды аралағаннан кейін экспедиция мүшелері «киіз үй» тігу шеберлік-дәрісіне қатысты, олар осылайша қазақ халқының тарихи мәдениетін өз қолдарымен сезінді.

 

Барлық жаңалықтар