- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова бюджет шығыстарына қатаң бақылау жүргізу талап етілетінін жеткізді
ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова бюджет шығыстарына қатаң бақылау жүргізу талап етілетінін жеткізді
Айта өтейік, күн тәртібіне сәйкес жер қатынастары саласындағы, Ақ бұлақ» және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламаларын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын игеру барысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар талқыланды.
Г.Әбдіқалықова әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуге бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Мемлекет басшысы қойған міндеттер мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінетін бюджет шығыстарына қатаң бақылау жүргізуді талап ететінін айтты.
Мемлекет халықтың өмір сапасын жақсартуға және кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған ауыз сумен қамтамасыз ету және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламаларын іске асыру үшін ірі мөлшерде қаржы бөлуде. Ал жасалған талдау барысы бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде бюджет қаражатын бөлу ісінде сыбайлас жемқорлықтың қауіп-қатері жоғары болатынын көрсетті.
Мемлекеттік хатшы мемлекеттік органдар назарын жер қатынастары саласында шешімдер қабылдаудың айқындығын қамтамасыз ету бойынша қосымша ұйымдастырушылық-құқықтық механизмдер әзірлеу, жалпы халыққа электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсету аясын кеңейту қажеттігіне аударды.
Отырыста Ұлттық экономика министрі Е.Досаевтың, Бас прокурор
А.Дауылбаевтың, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.Шпекбаевтың баяндамалары тыңдалды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды