Талдықорғанда Орбұлақ шайқасы жайлы тарихи қойылым қойылады

22 Қыркүйек, 2015 08:37
Алматы облысында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Орбұлақ шайқасының тарихи қойылымы қойылады, деп әкімдіктен хабарлады.

Айта өтейік,  Талдықорған қаласындағы Журналистер үйінде Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Қазақ ханыдығының 550 жылдығына орайластырылған «Орбұлақ түбіндегі шайқас» тарихи қойылымын ұйымдастыру және өткізуге байланысты жиын өтті. 
Айта өтейік, 2015 жылдың 2 қазанында өтілуі жоспарланған шараның ұйымдастырушылары өз қонақтарына тарихи қойылымнан өзге әртүрлі ойын-сауықтар мен түрлі көрмелер ұйымдастырылатындығы жөнінде атап өтті. Атап айтқанда: ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, дала кәуәбі мен палауының фестивалі, бауырсақ-party, қазақтың ұлттық әшекей бұйымдарының көрмесі, модельдердің этноүлгідегі киім-кешекті көрсетуі, заманауи әскер түрлерінің қару-жарақтары мен киім үлгілерінің көрмесі, осының барлығы керемет концерттік бағдарламамен ұласып, жиналғандарға естен кетпестей әсер қалдырады деген сенімде. 

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Р.Алпысбаев атап өткнедей, шық аспан астында өткізілгелі жатқан бұл шараның негізгі мақсаты ұлттық құндылықтарды жандандыру, тарихты еске түсіру, жастарға патриоттық тәрбие беру, бойындағы рухты көтеру. Шараның ең қызықты сәті шайқас қойылымына 100 арнайы үйретілген жылқы, 100 атты әскер, 500 жаяу әскер қатысуы жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, Орбұлақ шайқасы – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы ұзаққа созылған азаттық соғысының бір үзігі. Бұл соғыс 1643 жылдың жазында Жәңгір сұлтан басқарған 600 қазақ жауынгері мен 50 мың жоіңар қолын басқарған Эрдэни Батыр арасындағы шайқас.

Барлық жаңалықтар