Қазақстанда балалардың жұмыс күшін қолдану фактісі тіркелмеген - ЕХӘҚМ

29 Қазан, 2013 09:49
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықаралық еңбек ұйымы мен тауар өндірушілер кеңесімен бірігіп балалар еңбегі мен жұмыскерлердің еңбек ету жағдайы бойынша 12-ші үйлестіру кеңесін ұйымдастырды, деп Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

«Шарада балар еңбегінің төмен дәрежелігі мен еңбек етушілердің жағдайы талқыланды. Сонымен қатар 2012-2014 жылға арналған халықаралық еңбек ұйымының конвенциясы алға тартылды. Бүгінгі таңда барлық мақстаттар орындалуда. Қазақстанда балалар еңбегінің қолданылуы анықталмады», - деп хабарламада нақтыланды.

Кездесуде балалар еңбегіне байланысты монитронг жүргізу ұсынылды. Көші-қон мәселесі де тілге тиек етіліп, бірқатар өзекті мәселелер әңгімеге арқау болды.

Отырыстың қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекеттік органдарға, қоғамдық ұйымдарға Қазақстандағы еңбек ету жағдайын жақсарту турасында бірқатар ұсыныстар жасалды. 

Барлық жаңалықтар