- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық дәрілік заттардың сараптама орталығы Еуропалық сапаны бақылайтын зертханалардың ресми желісіне кірді
Қазақстандық дәрілік заттардың сараптама орталығы Еуропалық сапаны бақылайтын зертханалардың ресми желісіне кірді
Бұл Сынақ орталығының ISO/IEC 17025 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес екендігін куәландырады.
Дәрілік заттар мен денсаулық сақтау еуропалық директораты (әрі қарай - EDQM) – Еуропадағы дәрілік заттардың сапа стандарттарын анықтауға жауапты ресми үкіметаралық орган. Сонымен қатар, ол Еуропалық фармакопеяны (ЕО елдерінде фармацевтикалық өнім шығаруда қолданылатын құжат) шығарушы болып есептеледі. EDQM міндеті – денсаулық сақтау мен жоғарғы сапалы дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз етудегі тұтынушылар құқығын қорғау болып табылады.
ДЗСҰО сынақ орталығының аккредиттеуі – жүргізіліп отырған зерттеулер мен қызметтердің жоғарғы сапасының көрсеткіші. Осылайша, Қазақстанда өткізілетін дәрілік заттар сынағының нәтижесі халықаралық дәрежеде мойындалатын болады. Сонымен қатар, аккредиттеу орталық мамандарына төмендегідей мүмкіндіктер береді: оқу, тәжірибе алмасу; сынақ шеңберінде атқарылатын жұмыс барысын басқарудың жаңа, заманауи қағидаларын меңгеру; сапа жүйесін жоғарғы деңгейде ұстап тұру үшін кәсіби тестілеу бағдарламаларына, сыртқы инспекциялар мен тексерулерге қатысу.
Дәрілік заттарды бақылау жөніндегі ресми зертхана дәрежесі (OMCL) дәрілік заттардың қауіпсіздігін зерттеу кезінде тіркеу алды немесе тіркегеннен кейін тиісті бақылауын қамтамасыз ету үшін сынақтар өткізетін дәрілік заттарды өндірушіден тәуелсіз мемлекеттік уәкілетті ұйымға қарасты зертханаға беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың сәуір айында EDQM мамандары ДҚСҰО сынақ орталығына тексеру жүргізген болатын. Шетелдік сарапшылар орталықтың дәрілік заттардың сапасын бақылау Еуропалық зертханалардың ресми желісіне кіру дайындығын тексерді.
Тексерушілер қазақстандық сарапшылардың елдің фармацевтикалық нарығында бұрмаланған немесе сапасыз дәрілердің болмауына бар күштерін салатындарын атап өтті. Шетелдік мамандар Қазақстандағы сынақ орталығы үздік халықаралық стандарттарға сәйкес жабдықталғанын, барлық параметрлер бойынша еуропалық лабораториялардан кем еместігін айтып өтті. Қызметкерлердің базалық және арнайы дайындықтан өткендігі, ғимараттар мен жұмыс аймақтары еуропалық талаптарға сай жабдықталғаны да айтылды.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Карантин шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысы цифрландырылды -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды